Мысырда маймыл шешегін жұқтырған алғашқы науқас тіркелді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еуропада тұратын және екі ортаға жиі қатынайтын мысырлықтан маймыл шешегі анықталды. Бұл – Египеттегі алғашқы дерек, деп хабарлайды ҚазАқпарат CОVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның телеграм каналына сілтеме жасап.

Мысырда маймыл шешегін жұқтырған алғашқы науқастың тіркелгені туралы елдің денсаулық сақтау министрлігі хабарлаған.

«42 жастағы ер адам мамандандырылған оқшаулау ауруханасына карантинге жатқызылды және оның жағдайы тұрақты», - делінген аталған ведомство хабарламасында.

Министрлік бұл жағдайды эпидемиологиялық мониторингінің әдеттегі рәсімдері кезінде анықтап, пациентке және онымен тікелей байланыста болған адамдарға қатысты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған алдын алу шаралары қабылданғанын мәлімдеді.


Фото: avatars.mds.yandex.net



Соңғы жаңалықтар