Мысырда маймыл шешегінің алғашқы жағдайы тіркелді

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Еуропалық елде тұратын және оған жиі баратын мысырлықтан маймыл шешегінің алғашқы жағдайы анықталғанын мәлімдеді Египеттің Денсаулық сақтау министрлігі, деп жазды ҚазАқпарат.

Ведомствоаралық комиссияның ақпаратына қарағанда, 42 жастағы ер адам мамандандырылған оқшаулау ауруханасына карантинге жатқызылды және оның жағдайы тұрақты.

Министрлік бұл жағдайды эпидемиологиялық мониторингтің әдеттегі рәсімдері кезінде анықтап, пациентпен және онымен тікелей байланыста болған адамдармен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған алдын-алу шаралары қабылданғанын атап өткен.


Соңғы жаңалықтар