Мысырда мұнай қоймасы жарылды

АСТАНА. Қазанның 18-і. ҚазАқпарат - Жанар-жағар май құйылған бөшкенің жарылып, өрт туындауынан Мысырдың солтүстігіндегі Александрия қаласындағы ірі мұнай қоймасы жарылды, оның салдарынан жеті жұмысшы зардап шекті, деп хабарлайды Утро.ру.

Мысырда мұнай қоймасы жарылды

Соңғы мәліметтер бойынша, өрт сөндірушілер жалынды ауыздықтады, от жалыны қайта өршіген жоқ. Өртті сөндіруге 35 өрт сөндіру бригадасы жұмылдырылды.