18:13, 30 Мамыр 2016 | GMT +5
Мысырда «Мұсылман бауырлар» содырларының жетекшісі өмір бойы бас бостандығынан айырылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мысырда «Мұсылман бауырлар» террорлық ұйымының көшбасшысы Мухаммед Бади және оның 35 жақтасы өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы мысырлық «әл-Баляд» порталынан хабарлады.

2013 жылғы 5 шілдеде ислам атын жамылған содырлар жергілікті әкімшілік ғимаратының маңында тәртіпсіздік ұйымдастырған. Онда полициейлермен қақтығыста үш адам қаза тапты, ондаған адам жапа шекті. Сотта олардың кінәлі екені дәлелденді, деп жазды «ТАСС» агенттігі.
Қазір Мысырда «Мұсылман бауырлар» террорлық ұйымының жүздеген белсендісіне қатысты ондаған іс қозғалды.