Мысырда науқастанған қазақстандыққа Астанада диагноз қойылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін елорданың №1 қалалық ауруханасының дәрігерлері Мысырдан ауырып келген Олег Василенконың денсаулығы жайында айтып берді. Оны елорда әуежайынан бірден аталған ауруханаға жатқызған болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мысырда науқастанған қазақстандыққа Астанада диагноз қойылды

«Сырқаттанған азамат таңертеңгі сағат 7 шамасында жедел жәрдем көлігімен бізге жеткізілген болатын. Санитарлық көлік оны әуежайдан қарсы алды. Бізге жеткізген кезде жағдайы тұрақты болды. Сол уақыттан бері бір тәулік уақыт өтті. Пациент денсаулығының жақсарып келе жатқанын айтып отыр. Ісік аздап қайтты. Ауруханадан шығаратын болжамды мерзім - 7 тәулік», - деді ҚазАқпарат  тілшісіне телефон арқылы аурухана бас дәрігерінің орынбасары Нұрлан Жұмажанов.
null 

Дәрігердің айтуынша, науқас субтропикалық белдеудің экзотикалық инфекциясын жұқтырмаған.

«Оған терінің және тері асты өзегінің бактериалды қабынуы диагнозы қойылды. Мұндай қабыну патогендік микрофлораның түсуінен болады. Ол механикалық зақымдану жолдарымен - теріні тырнау, қасудан түседі. Бүкіл әлемде қабынудың емі біреу ғана - антибактериалды терапия жүргізу», - деді ол.
null 

Жұмажановтың атап өтуінше, мысырлық дәрігерлер қазақстандыққа ем-домды дұрыс жасаған. Астанада дәл сондай ем бірқатар өзгешелікпен  жалғастырылуда.

Бұған дейін Мысырда отбасымен жүрген қазақстандық Олег Василенконың денесі іріңдеп, күлдіреп кеткендігі белгілі болған еді. Мысырлық дәрігерлер терінің күлдіреу себебін анықтай алмаған болатын.

null