Мысырда оқушы мұғалімінің қолынан қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мысырда мұғалімінің соққысына жығылған оқушы көз жұмды.

Мысырда оқушы мұғалімінің қолынан қаза тапты

Бұл туралы Agence France-Presse мәлімдеді.

Белгілі болғандай, 12 жастағы оқушының бас сүйегі зақымданған. Соққыға тиген жасөспірім бір күн өткен соң ауруханада көз жұмды. Бүгінде мұғалім жұмыстан шеттетілді. Тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде, деп хабарлайды 24.kz.