Мысырда парламенттік сайлау өтіп жатыр

Мысырда парламенттік сайлау өтіп жатыр
Мысырда Парламент 2012 жылы таратылған.
Биліктің айтуынша парламенттік сайлау елдің демократияға қарай бет алған жолдың соңғы қадамы болмақ.
Сарапшылардың сөзіне сенсек, кандидаттардың басым бөлігі президент Абдель Фаттах Сисидің жақтастары, сондықтан сайлау оның елдегі билігін нығайтады.
Сайлау учаскелері жергілікті уақытпен сағат 8:00 (Гринвич бойынша 6:00, Мәскеу уақытымен сағат 9:00) ашылып, сағат 19:00 жабылады.
Сайлау екі кезеңде өтеді. Нәтижесі кем дегенде желтоқсанда жарияланады.
Сайлаушылар парламенттің төменгі палатасының 596 депутатын сайлайды.
Mena жергілікті ақпарат агенттігі хабарлағандай, 185 мыңнан астам полицей сайлаудағы қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.
«Мұсылман бауырларсыз»
Сенбі күні президент мысырлықтарды сайлау учаскелеріне келіп «елдің жарқын болашағы үшін» дауыс берулерін сұрады.
Абдель Фаттах Сиси - 2013 жылы әскери көтерілісті басқарған бұрынғы генерал. Ол елдің бұрынғы президенті Мохаммед Мурсидің биліктен кетуіне түрткі болды.
16 мамырда оны өлім жазасына кесті, ал оның «Мұсылман бауырлар» қозғалысына тыйым салынды.
Бұдан бұрынғы бұл қозғалыс шамамен парламенттегі орындардың жартысын дерлік иеленді.
Оның мыңдаған мүшесі қамауға алынды. Жүзден астамы өлім жазасына кесілді.
Жаңа үкімет
Бірнеше апта бұрын елде министрлер кабинеті ауысты. Сиси 19 қыркүйекте жаңа кабинеттен ант қабылдады.
Сыртқы істер, қаржы, инвестициялар және қорғаныс министрлері өз орындарында қалды.
Жаңа үкіметті құру мұнайды өндіру бойынша министр Шериф Исмаилге тапсырылды. Ол жаңа премьер атанды.