18:49, 01 Қаңтар 2016 | GMT +5
Мысырда паром суға батып, кемінде 18 адам ажал құшты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мысырдағы Нил өзеніне паром батып кетті, кемінде 18 адам ажал құшты, деп хабарлады жұма күні Синьхуа агенттігі.

Оқиға бейсенбі күні Кафр-эш-Шейх провинциясында болды. Провинция губернаторының мәліметтері бойынша, паром 22 жолаушысымен Кафр-эш-Шейх және Бухейра провинцияларының арасында адамдарды тасып жеткізіп жүрген.
Өзеннің оқиға болған орны ауданында іздестіру-құтқару операциясы жалғасуда. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Өткен жылғы шілде айында мысыр астанасында серуендеу катерінің жүк кемесімен соқтығысуы салдарынан 31 адам қазаға ұшыраған болатын.