Мысырда перғауын әйелдің мүрдесі табылды

МӘСКЕУ. Қаңтардың 9-ы. ҚазАқпарат – Белгілі мысыртанушы Захи Хавас бастаған команда ежелгі ел басқарушы әйелдің мүрдесін тапты,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап. Шамамен ол 4,3 мың жыл бұрын мемлекет басқарған. Хавастың айтуынша, бұл Мысыр перғауындарының алтыншы әулетінің негізін қалаған фараон Тетидің анасы Сешестет патшайымның денесі болуы мүмкін. Мүрде Саккар пирамидасынан табылған. Мұнда мүрде қалдықтарымен бірге ыдыс-аяқ, қолға киетін алтын қолғап болған.
Соңғы жаңалықтар