Мысырда перғауынның 13 метрлік мүсіні қайта қалпына келтірілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мысырдағы Луксор қаласында перғауынның алып ескерткіші осыдан үш мың жыл бұрын жер сілкінісі кезінде құлаған орнына қайта орнатылды.
None
None

Қалпына келтіру жұмыстарының аяқталуына арналған рәсімде археологтар жер сілкінісі сәтінен бастап 90-ға жуық бөлікке сынған Аменхотеп Ш. перғауынның мүсінін көрсетті.

13 метрлік мүсіннің басына Жоғарғы Мысырдың символикалық тәжі кигізілген, ал қолында оның есімі жазылған папирус бұрама қағазы бар.

Ол Аментехоп Ш. перғауынның қалпына келтіріліп, осы жылы ашылған басқа алып мүсінінің жанына орнатылды.

Соңғы жаңалықтар