Мысырда пирамидалардың жанында жарылыс болды, жараланғандар бар
АСТАНА. 7 сәуір. ҚазАқпарат. Мысырда елдің бас көрнекті ескерткіштері - ежелгі пирамидалардың маңында жарылыс болды, оқиға салдарынан үш адам зардап шекті.
Полицияның ақпараты бойынша, жарылыс Гизадағы перғауындар қабірінен 150 метрдей жерде болған. Тәртіп сақшыларының айтуынша, зардап шегушілер құмның ішінен бір темір затты көріп, оны бағалы зат деп ойлап, арши бастаған. Нәтижесінде жарылғыш құрылғы іске қосылып, үш адамды жаралаған. Полициядағылардың айтуынша, әлгілер жергілікті есірткі саудагерлері болып шыққан. Оқиғаның мән-жайы белгісіз. Тексеру жүргізілуде.