Мысырда пойыз бен көлік соқтығысып, 5 адам мерт болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мысырдың оңтүстігінде Луксор қаласында теміржолдан өтпек болған көлікке жүк пойызы соқтығысып, салдарынан бес адам мерт болды, тағы төртеуі зардап шекті, деп хабарлайды «Аль-Масри аль-Йоум» жаңалықтар порталы.

Мысырда пойыз бен көлік соқтығысып, 5 адам мерт болды

«Сейсенбі күні Луксорда жүк пойызының көлікпен соқтығысуынан 5 адам мерт болды, төртеуі зардап шекті», - деп хабарлады портал.

Автомобиль тыйым салынған жерде темір жолды кесіп өтпек болған.