Мысырда шекарадағы атыстан 21 адам қаза тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сенбі күні Мысырдың солтүстік-батысындағы әл-Вади әл-Джадид провинциясындағы шекара бекетіне контрабандашылар шабуыл жасап, 21 әскери қаза тапты, деп хабарлады «Риа Новости».
Египет Қорғаныс министрлігінің мәлімдеуінше, бұл мұның алдында жүргізілген рейдке қатысты бұзақылардың қарсы әрекеті болуы мүмкін. Жүргізілген тексеру кезінде Мысыр қарулы күштері олардың қару-жарақтары мен көліктерін, есірткі заттарын тәркілеп, күдіктілерді тұтқындаған. Соңғы мәліметтер бойынша, қарулы шабуылдан қаза тапқан шекарашылар саны 21-ге жетті. Бұған дейін 15 адам қаза тапқаны туралы хабарланған болатын.