18:55, 28 Желтоқсан 2013 | GMT +5
Мысырда студенттер мен полиция қызметкерлері арасында қақтығыс орын алды
АСТАНА. 28 желтоқсан. ҚазАқпарат - «Мұсылман бауырлар» экстремистік ұйымының жақтастары болып табылатын Каир университетінің студенттері сенбі күні өздері оқитын оқу орнына өрт қойып, полиция қызметкерлерімен жаға жыртысты, деп хабарлады Al Arabiya телеарнасы.

Тәртіпсіздікті емтихан тапсыруға келген басқа студенттердің университетке кіруіне кедергі келтірген ислам белсенділері бастаған. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері бұзақыларды көзден жас ағызатын газбен қумақ болған, бірақ жастар оларға қарсы тас жаудырған.
Тәртіп сақшыларына бағынбаған студенттер университет ғимаратына кіріп, сауда және ауыл шаруашылығы факультеттеріне от қойған.