Мысырда Суэц каналының жаңа арнасы ашылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мысырда Суэц каналы екінші арнасы ресми түрде ашылды. Салтанатты рәсім әскери шерумен басталды, аспанда ел жалауын желбіреткен тікұшақтар ұшып, ал арна бойымен әскери кемелер жүзіп өтті.
None
None

Мысыр президенті Абдель Фаттах ас-Сиси әскери киімде кемелердің біріне барып, кеме қатынасының басталғаны туралы жарлыққа қол қойды.

Жаңа 72-шақырымдық арнаның ашылу жобасы туралы өткен жылғы тамызда хабарланған. Бастапқыда үш жылда аяқтау жоспарланған, алайда кейіннен мерзімді 12 айға қысқартты. Жаңа арна аса ауқымды қызмет көрсету кешенін және бірнеше өнеркәсіптік аймақты қамтиды. 8 миллиард доллар жұмсалған жаңа жоба ел экономикасын тұрақтандыруға, жаңа жұмыс орындарының ашылуына қомақты үлес қосады деп болжанып отыр.

Соңғы жаңалықтар
Референдум