Мысырда тағы бір адам құс тұмауын жұқтырып алды
КАИР. Наурыздың 27-сі. ҚазАқпарат- Мысырдың Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Әбдел Рахман Шахин хабарлағандай, елде адамның құс тұмауын жұқтыруының 60-шы оқиғасы тіркеліп отыр.
ҚазАқпарат бұл туралы «РИА «Новости» агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. Адам үшін қауіпті H5N1 вирусының штамы Кена провинциясында екі жасар қыз баладан анықталып отыр. Мамандардың айтуынша, бүлдіршін вирусты көп жағдайдағыдай үй құсынан жұқтырып алған.