Мысырда тағы бір пирамида табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Каир маңындағы Дашурда бір топ археолог ежелгі мысырлық ферғауынның құрметіне тұрғызылған пирамиданы тапты.

Мысырда тағы бір пирамида табылды

Бұл туралы көне ескерткіштер бойынша танымал маман, кезінде ежелгі Египет істері жөніндегі Жоғары кеңесті басқарған Заки Хавас мәлім етті.

«Қазба жұмыстары кезінде табылған ескерткіш б. э. д. XXV-XXIV ғасырларда мысырды билеген V әулет перғауыны Джедкару Исесиге арналған», - деп түсіндірді ол.

Бұл осымен аталмыш перғауынға арналған екінші пирамида. Джедкар Исеси мысырды 44 жыл басқарған, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.