Мысырда тобырдан қашпақ болған дипломаттар 30 адамды басып кетті

АСТАНА. 4 ақпан. ҚазАқпарат - Мысырдағы 28 қаңтардағы «Ашу-ыза күнінде» дипломатиялық автокөлік Каирдегі 30 шерушіні басып кетті.
None
None

Бұл туралы Al Jazeera агенттігіне сілтеме жасаған РБК хабарлап отыр. Оқиғаның куәгері осы келеңсіз жағдайды бейнетаспаға жазып алып, Интернетке салып жіберді.

Куәгердің бейне түсірілімінде Каирде қарсылық білдіріп шеруге шыққан мысырлықтардың қоршауында қалған дипломатиялық автокөлік мезетінде орнынан ытқып, тобыр халықты баса-көктеп өте берді.

Шерушілер жан-жаққа бытырап қашқанымен, автокөлік қандай да бір себептермен тікелей барып топтасқан адамға соқтығысты. Одан әрі 20 адамды соғып кеткен автокөлік, тоқтамастан көшені қиып өтті.

Ресми емес мәлімет бойынша, зардап шеккендер арасында ауыр жарақат алғандар мен қаза тапқандар баршылық.

Соңғы жаңалықтар