Мысырда төрт жасар қыз бала құс тұмауын жұқтырып алды

КАИР. Маусымның 8-і. ҚазАқпарат - Мысырда H5N1 құс тұмауы вирусын жұқтырудың жаңа оқиғасы тіркелді,

Мысырда төрт   жасар  қыз бала     құс   тұмауын жұқтырып  алды
деп хабарлады журналистерге Мысыр Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Әбдел Рахман Шахин. ҚазАқпарат бұл туралы «РИА «Новости» агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. Оның айтуынша, дәрігерлер Дакхалия провинциясының тұрғыны - төрт жасар қыз балаға «құс тұмауы» диагнозын қойып отыр. Қазіргі уақытта бүлдіршін Tamiflu препаратымен емделуде, науқастың жағдайын дәрігерлер тұрақты деп бағалауда. Құс тұмауы Мысырда алғаш рет 2006 жылы тіркелген болатын. H5N1 вирусы барлығы 80 адамнан анықталып, ең аз дегенде, олардың 27-сі осы індеттен көз жұмған еді.