Мысырда туристер ағынының азаюына орай 200-ден астам қонақүй жабылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мысырда туристік белсенділіктің төмендеуіне орай 220 қонақүй жабылды. Ең көп шығын Шарм-Эш-Шейх қонақүй секторына келді, онда 54 отель жұмысын тоқтатты.

 Мысырда туристер ағынының азаюына орай 200-ден астам қонақүй жабылды

Бұл туралы Ресей туроператорлар қауымдастығының сайтында хабарланды.

 «Хургадта 34 нысан, Марса Аламда - 35 қонақүй жабылады. Бұл ретте Қызыл теңіздің барлық курорттарында қазіргі уақытта толық қуатта жұмыс істеп тұрған қонақүйлер жоқ», - делінген хабарламада.

Мысыр Бизнесмендер қауымдастығының Туризм комитетінің деректеріне сәйкес Сафага, Луксор, Асуан курорттарында бірқатар қонақүйлер жабылды.