Мысырда тұтқындалғандар саны мың адамнан асып кетті

АСТАНА. 28 қаңтар. ҚазАқпарат - Мысырда наразық акциясына қатысқан мыңға тарта адам тұтқындалды, деп хабарлады үкімет өкілдеріне сілтеме жасаған Agence France-Presse ақпараттық сайты.

Мысырда тұтқындалғандар саны мың адамнан асып кетті

Бұған дейін үкіметке қарсы наразылық білдірген жеті жүз адамның ұсталғаны туралы айтылып еді.

Наразылық шеруін ұйымдастырушылар сейсенбі күні басталған Каир мен Суэцті қоспағанда тағы да басқа қалаларда акцияны жалғастыруды көздеп отыр. Ереуілшілердің негізгі талаптары - билік басында отыз жылға тарта отырған президент Хосни Мубарактың отставкасы болып табылады.