Мысырда үлкен Сфинкс мүсіні туристер үшін қайта ашылмақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мысырда төрт жыл бойғы реставрациялаудан кейін әйгілі Сфинкс мүсіні туристер үшін қайта ашылмақ.
Қалпына келтіру жұмыстарында мүсіннің сол жақ бетіндегі бірнеше тақтатасты ауыстыру, Сфинкстің кеудесі мен мойын бөлігін жаңарту және оны эрозияға қарсы қабатпен қаптау қамтылды. Қалпына келтірілгеннен кейін оның тарихында алғаш рет мұнда келушілер мүсінді жақыннан тамашалау мүмкіндігіне ие болмақ. Ал осы кезге дейін монументті тек алыстан көруге ғана рұқсат етілетін.
Сфинкс - жер бетіндегі ең ежелгі ескерткіштердің бірі. Оны қалпына келтіру жұмыстары әр 8-10 жыл сайын жүргізіледі. Соңғы рет мұндай жұмыс 2006 жылы жүргізілген.