11:29, 12 Қазан 2012 | GMT +5
Мысырда үш жылдан соң Хефрен пирамидасы қайта ашылды
АСТАНА. 12 қазан. ҚазАқпарат - Каир астындағы Гиза үстіртіндегі Хефрен пирамидасы жаңғыртылудан кейін ашылды. Енді туристер бұл көне археологиялық құрылыстардың тылсымын, бар әлеуетін сезінуі үшін жерасты камералары орнатылған бірнеше метр тереңдікке түсе алады.

Елдің ежелгі істер бойынша министрі Мұхаммед Ибрагимтың айтуынша, пирамида және Сфинкс аумағында көнемысырлық ескерткіштердің бүтіндігіне нақты қауіп төндіріп отырған жерасты суларының деңгейін төмендету бойынша жобаның іске асырылуына үш жыл кеткен. Бұдан басқа, мамандар пирамиданың айналасының қоршаумен және абаттандыруымен айналысты. Жаңғырту жұмыстарына мысырлық қазынадан 48 млн. египеттік ақша кетті.
Хефрен - Гиза үстіртіндегі ауқымы бойынша екінші пирамида. Оның ауданы 215,8 шаршы метрді, биіктігі - 136,5 метрді құрайды. 4,5 мың жыл ішінде ол 7 метрге шөкті. Хефрен пирамидасының еңкею бұрышы 53 градусқа жетеді.