Мысырда ұялы байланыс жұмыс істемейді, сондай-ақ Интернет жұмысында да іркіліс байқалуда
АСТАНА. 28 қаңтар. ҚазАқпарат - Мысырда ұялы байланыс жұмыс істемейді, сондай-ақ Интернет жұмысында да іркіліс байқалуда.
Атап айтқанда, SMS-хабарламалар жіберілген жеріне жетпеуде, Facebook, Twitter және Blackberry Messenger сияқты бірқатар сайттар пайдаланушыларға жабық. Ғаламдық желілерді пайдаланушылар ел астанасы Каир қаласында Интернетке қолжетімділік кейде түгелімен жоғалып кетсе, кейде пайда болатынын атап өтуде, бірақ Интернет барынша шабан жұмыс істейді. Көптеген адамдар бұл іркілісті шеруге қатысушылар аталған әлеуметтiк желiлердің көмегiмен жаңа акцияларды ұйымдастыру мәселесін келіседі деп биліктің қауіптеніп жатқанымен байланыстырып отыр.