Мысырда Ван Гог суреттерін ұрлағандар сотталуда

АСТАНА. Қыркүйектің 15-і. ҚазАқпарат - Мысырда даулы сот үдерісі басталды. Сотталушы 11 адам, барлығы да мәдениет министрлігінің қызметкерлері, оның ішінде аталған ведомство басшысының орынбасары да бар. Айыпталушыларға өз міндеттеріне немқұрайлылық танытты деген айып тағылуда. Әңгіме, кезінде үлкен дау туғызған Винсент ван Гогтың «Көкнәр» суретінің ұрлануы туралы болып отыр, деп жазады Вести.Ру.

Мысырда Ван Гог суреттерін ұрлағандар сотталуда

Сурет осы жылғы тамыздың 21-інде Каир мұражайынан жоғалған. Тергеу барысында белгілі болғандай, сол күні мұражайдағы дабыл жүйесі іске қосылмаған, сондай-ақ қауіпсіздік үшін орнатылған 40 бейнекамераның 7-еуі ғана жұмыс істеп тұрған. Осындай салақтық салдарынан қылмыскер еш кедергісіз бөлмелерге кіріп, суретті оп-оңай алып кеткен.

«Көкнар» - Ван Гог туындыларының ішіндегі ең қымбаты. Суреттің құны 50 миллион доллардан асады, деп жазады «Россия 24».