Мысырда жаңа конституция жобасы бойынша референдум басталды
АСТАНА. 14 қаңтар. ҚазАқпарат - Египетте жаңа конституция жобасы бойынша жалпыхалықтық референдум басталды. Дауыс беру 2 күнге жалғасады.
Жоғары сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, референдумға 52 миллионнан астам адам қатыса алады.
Дауыс беру нәтижесі сайлау учаскелері жабылған соң 72 сағаттан кейін жарияланады. Мемлекеттің билік өкілдері қауіпсіздік шараларын күшейтті. Дауыс беру кезінде сайлау учаскелерін 500 мыңға жуық полиция қызметкері мен әскерилер күзетеді, деп хабарлайды Утро. ру.