Мысырда жаңа конституцияны 95 пайыз сайлаушылар қолдады
АСТАНА. 16 қаңтар. ҚазАқпарат - Мысырдың жаңа конституциясының жобасына сайлау учаскелеріне келгендердің 95 пайызы өз дауыстарын берді, деп хабарлады Мысырдың ІІМ. Референдумға келушілер 55 пайыздан асты.
Сәрсенбі күні кешке Мысырда жаңа конституция бойынша екі күндік референдум аяқталды. Референдумның негізгі нәтижелері сайлау учаскелері жабылғаннан кейін 72 сағаттан соң жарияланады. Тыйым салынған «Мұсылман бауырлар» қауымдастығын қолдаушылар дауыс беруге қарсылық білдірді, деп хабарлады Би-Би-Си-дің орыс қызметінен.