Мысырда жоғалған барлық ресейлік дайверлер аман-есен табылды
АСТАНА. Тамыздың 19-ы. ҚазАқпарат - Мысырдан жеткен жедел хабарлар бойынша, онда ресейлік үш дайвер аман-есен табылды. Бұл туралы Ресейдің Каирдегі елшілігінің консулдық бөлімінен хабарлаған.
Осының алдында ғана Әл-Кусейр қаласының тұсындағы жағажайдан төртінші дайвер табылған болатын. Естеріңізге сала кетейік, ресейлік туристер алдыңғы күні Қызыл теңізде, Әл-Кусейр курорттық қаласының маңында жоғалып кеткен еді.
Бірінші табылған дайвер Виталий Иванов жағалауға 20 шақырымдай қашықтықты жүзіп жеткен. Мысырдың қауіпсіздік күштерінің қызметкерлері оны Әл-Кусейр қаласының жағажайынан тапқан, деп хабарлайды «Маяк» радиостансасы.