10:41, 04 Желтоқсан 2012 | GMT +5
Мысырда жолаушыға шабуыл жасаған жыланның кесірінен ұшақты жерге қондыруға мәжбүр болды
АСТАНА. 4 желтоқсан. ҚазАқпарат - Жүксалғыштан қашып кетіп, жолаушылардың бірін шағып алған улы жылан мысырлық EgyptAir компаниясының ұшағын жедел түрде жерге қонуға мәжбүрледі. Оқыс оқиға кеше Мысырдан Кувейтке ұшып бара жатқан ұшақтың бортында орын алды, деп хабарлады «РИА Новости» агенттігі.

Хабарланғандай, ұшақта көлбеңдеп жүрген жыланды көрген соң, жолаушылар оны аяқтарымен таптап өлтірген. Алайда улы жылан Иорданияның азаматын шағып үлгерген.
Ұшақ Хургада қаласының әуежайына қонғаннан кейін құтқарушылар зардап шегушіні ауруханаға жеткізді. Ұшақ көп ұзамай алған бағытына қарай ұшты.