Мысырдағы дағдарысқа байланысты шайдың бағасы түсуде

АСТАНА. 3 қыркүйек. ҚазАқпарат - Мысырдағы дағдарыс салдарынан шайдың бағасы үш жыл бұрынғы құнына түсіп қалды. Бұл ел шай экспорты бойынша әлемде бесінші орында, деп хабарлайды Financial Times-қа сілтеме жасап segodnya.ua.

Мысырдағы дағдарысқа байланысты шайдың бағасы түсуде

Шайдың ірі экспорттаушылары Кения, Шри-Ланка, Үндістан. Кениялық шайдың орташа сұрпының көтерме бағасы өткен аптада келісіне 2,64 долларға дейін түсті. Бұл 2012 жылдың тамыз айымен салыстырғанда 34 пайызға төмен. Трейдерлер Мысырдың жағдайы қалыпқа келмесе, шайдың бағасы әлі де түсе береді деп болжауда.