Мысырдағы қазақстандықтарды ұлттық қауіпсіздік қызметі ұстаған - СІМ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мысырдағы қазақстандық студенттерді сол елдің ұлттық қауіпсіздік органы ұстаған, деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов.

Мысырдағы қазақстандықтарды ұлттық қауіпсіздік қызметі ұстаған - СІМ

«Бүгін Қазақстан Елшісі Мысыр Сыртқы істер министрінің орынбасарымен кездесті. Кездесу барысында Қазақстан азаматтарын ұлттық қауіпсіздік органы қызметкерлері ұстағаны белгілі болды. Толық мәліметтерді жақын арада хабарлайтын боламыз», - деді Ә.Жайнақов.

Бұған дейін Мысырда жоғалып кеткен 6 қазақстандық студентті Каирдің құқық қорғау органдары ұстап отырғандығы туралы хабарланған болатын.