Мысырдағы көлік апаты: 15 адам қаза тауып, 15-і жарақаттанды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мысырда көлік апатынан 15 адам қаза тауып, тағы 15-і жарақат алды. Бұл туралы Al Youm As Sabia порталы хабарлады.

Мысырдағы көлік апаты: 15 адам қаза тауып, 15-і жарақаттанды

Елдің оңтүстігіндегі Асуан және Эдфу қалаларының арасындағы күре жолда жеңіл көлік шағын автобуспен соқтығысқан. Апат салдарынан тоғыз адам ажал құшты.

Бұдан тыс, Каирдің солтүстігіндегі Дакахлия провинциясында да жан түршігерлік жол апаты болған. Сапарға шыққан бір отбасының алты мүшесі мінген көліктің жүргізушісі рульге ие бола алмай, машина аударылып кеткен. Соның салдарынан көлік ішіндегі алты адамның барлығы қаза тапты.