Мысырдағы лаңкестіктерге байланысты қазақстандықтарға демалыс аймағынан алшақ кетпеуге кеңес берілді
АСТАНА. 27 қаңтар. ҚазАқпарат - Қазақстандықтарға Мысардағы лаңкестік актілерге байланысты сол елдегі демалыс аймақтарынан алшақ кетпеуге кеңес берілді.
«ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Туризм индустриясы комитеті Мысырдағы демалушы қазақстандықтарға аса сақ болып, демалыс аймақтарынан алысқа кетпей, лаңкестік және криминалдық жағдай сақталған ірі қалалар мен аудандарға бармаған жөн деп тағы бір ескертеді», - деп жазылған Комитеттің хабарламасында. Әлемдік ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, 24 қаңтар күні Мысыр астанасы мен Каирға жақын маңдағы аудандарда бірнеше лаңкестік актілер орын алды. Салдарынан бірнеше адам қаза болып, ондаған адам жараланды. Қолда бар ақпаратқа қарағанда, жарылыстардың салдарынан қаза болғандардың арасында қазақстандықтар жоқ.