Мысырдағы лаңкестікті ұйымдастырды деген күдікпен 292 адам ұсталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мысырда Синай түбегінде теракт ұйымдастырып, президент Абдель Фаттах ас-Сисиді өлтіруді жоспарлады деген күдікпен 292 адам әскери сотқа тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Росбалт-қа сілтеме жасап.
Мәлім болғандай, айыпқа тартылушылар «Ислам мемлекеті» (ҚР-да тыйым салынған) қарулы тобымен сыбайлас, соңғы жылдары үкіметке қарсы терактілерді өз мойындарына алған «Синай мемлекеті» тобының мүшелері болып шыққан.
Бұған дейін Мысырдың Бас прокуратура қызметкерлері ел президенті Ас-Сисиге жасалған екі қастандықтың жолын кескені туралы хабарланған еді.
Қылмыскерлер жарылғыш затты қолдан дайындаған, ол Ас-Сиси тоқтауы мүмкін қонақ үйде жарылуы тиіс еді. Сондай-ақ, бас прокурор президентті жанкешті әйелдің өлтіргісі келгенін атап өтті.