Мысырдағы оқиғалар мұнай баррелінің бағасын 200 долларға дейін көтеруі мүмкін

АСТАНА. 5 ақпан. ҚазАқпарат - Мысырдағы және Суэцк арнасындағы дағдарыс ушыққан жағдайда, мұнай баррелінің бағасы 200 долларға дейін көтерілуі мүмкін.
None
None

Каракастағы баспасөз мәслихатында Венесуэланың мұнай өнеркәсібі министрі Рафаэль Рамирес осындай болжам жасады, деп хабарлайды РБК Associated Press агенттігіне сілтеме жасап.

Шенеуніктің айтуынша, Суэцк арнасы жабылар болса, ОПЕК төтенше саммитін шақыруға мәжбүр болады. Дегенмен, Р.Рамирес мырза әзірге ондай қажеттіліктің жоқ екенін айтты.

«Нарықта мұнай қазір жеткілікті, ешқандай кідіріс байқалмайды. Бірақ, Суэцк арнасы жабылар болса нарықтағы жағдай күрделенуі мүмкін», - деді Венесуэла министр.

Соңғы жаңалықтар