Мысырдағы жаппай тәртіпсіздіктер Австралиядағы бензин бағасының өсуіне әкеп соқты
АСТАНА. 3 ақпан. ҚазАқпарат - Мысырдағы жаппай тәртіпсіздіктер Австралиядағы бензин бағасының өсуіне алып келді, деп хабарлайды жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары.
Сарапшылардың айтуынша, таяудағы бір екі аптада олардың бағасы тағы да 3-4% пайызға көтерілмекші. Австралиялық экономистердің пікірінше, егер Египет Араб Республикасындағы жағдай жақсармаса, мұнай бағасы 10%-ға дейін де өсуі ықтимал. Қазір бензин бағасы бір литріне 1,35 долл. болса, 1,50 долларға жетуі әбден мүмкін, деп жазады РБК.