Мысырдан кейін Йемен мен Бахрейн дүрлігуде

АСТАНА. 15 ақпан. ҚазАқпарат - Өткен аптада көшеге шығушылардың қысымымен биліктен кеткен Мысыр президенті Хосни Мубарактан кейін іле-шала үкіметке қарсы акциялар Таяу Шығыс елдерінде де бұрқ ете түсті, деп хабарлайды РБК.

Мысырдан кейін Йемен мен Бахрейн дүрлігуде

Йемен астанасы - Санада ел президенті Али Абдалла Салехтың жақтастары мен қарсыластарының арасында қақтығыстар орын алды. Полиция екі шеруді таратуға талпынғанмен, қақтығыстардан қашып құтыла алмады. Осындай көшедегі наразылықтардың салдарынан ең кемі бес адам жараланған. Ереуілшілердің жаңа толқынының А.Салихтың тез арада отставкаға кетіп, Йеменде демократиялық реформалар жүруін талап еткен наразылықтары бүгін төртінші күн жалғасуда. Ол мысыр президенті Х.Мубарак отставкаға кеткен күннен басталды.