Мысырдан ұшатын рейстердің кешіктірілу себебі айтылды
АТЫРАУ. Қазақпарат - Мысырдан Қазақстанға ұшатын Sanday Airlines чартерлік рейстердің бірнеше күнге кешігуіне ұшақтың сынып қалуы себеп болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Sanday Airlines әуе компанияның паркінде 10 ұшақ бар. Сол ұшақтардың бірнен ақау табылып, ұшудан алынып тасталған. Соның нәтижесінде бірнеше чартерлік рейстер кестесіне өзгерістер келген. Бұл жағдай ең бірінші кезекте Түркиядағы демалушылардың кестесіне әсер еткен. Сосын Мысырдан ұшатын рейстерге әсер етті», - деді EasyTravel туристік компанияның басшысы Нұралхан Бисенов.
Бұған дейін Шарм-эш-Шейхте 245 қазақстандық турист ұша алмай отырғандығын хабарлаған болатынмыз.