Мысырдың Азаматтық авиация министрлігі А320 лайнерінің апатын растады: лаңкестік болуы мүмкін
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мысырдың Азаматтық авиация министрлігі EgyptAir авиакомпаниясының А320 лайнерінің апатқа ұшырағанын растады. Ұшақ Парижден Каирге бет алған, Мысыр жағалауынан шамамен 280 шақырым жерде радардан жоғалып кетті.
Ұшақта 12 мемлекеттің азаматтары болған. Жолаушылардың жалпы саны - 56. Экипаж мүшелері сегіз немесе тоғыз болуы мүмкін деп хабарлануда.
Мысыр Авиация министрлігіндегі дереккөздер MS805 рейсінің жоғалып кеткен ұшағында Жер орта теңізіне құлар алдында жарылыс болуы мүмкін екенін мәлім етті.
Сарапшылардың айтуынша, бортта теракт болуы мүмкін. "Россия 24" арнасына берген сұхбатында Ресейдің еңбек сіңірген ұшқышы Юриф Сытник экипаж апат дабылын қоспағанын айтты, бұл демек, ұшақтың ауада апатқа ұшырағанын білдіреді, деді ол.