Мысырдың Бас мүфтиі қыз-келіншектерге шалбар киюге рұқсат берді
АСТАНА. Қыркүйектің 17-сі. ҚазАқпарат - Суданда шалбар кигені үшін сотталған журналист Либна Ахмед әл-Хусейн ханымның төңірегінде туындаған дау-дамайға байланысты, Мысырдың Бас мүфтиі шейх Әли Гомаа қыз-келіншектердің шалбар киюге деген құқықтарын қорғап, сөз сөйледі.
Мүфти қыз-келіншектер ішкі дене көрінбейтін матадан тігілген және жинақы шалбарлар киюге құқылы екенін қаулы етті.