Мысырдың бұрынғы премьер-министрі Хишам Кандиль тұтқындалды

АСТАНА. 25 желтоқсан. ҚазАқпарат - Мысырда сейсенбі күні кешке ел үкіметінің бұрынғы басшысы Хишам Кандиль қамауға алынды, деп хабарлады Al Jazeera телекомпаниясы.

Мысырдың бұрынғы премьер-министрі Хишам Кандиль тұтқындалды

Ол министрлер кабинетін президент Мұхаммед Мүрси кезінде басқарды.
Кандиль Каир маңындағы қаладан ұсталды. Полиция оны Суданға қашпақ болды деп айыптап отыр.