Мысырдың бұрынғы президенті Шарм-әл-Шейх қаласында жүр

АСТАНА. 14 ақпан. ҚазАқпарат - Мысырдың экс-президенті Хосни Мубарак әлі Мысыр елінде жүр.
None
None

Бұл туралы ел Премьер-министрінің міндетін атқарушы Ахмед Шафик мәлім етті, деп хабарлайды РБК агенттігі.

"Бұрынғы көшбасшының мемлекет аумағынан кетуі неғайбыл, шамасы ол Шарм-әл-Шейх қаласында жүр", -деді ол. Премьердің айтуынша, бұрынғы президенттің Біріккен Араб Әмірліктерінен саяси пана сұрағаны туралы ақпарат түскен жоқ.

Соңғы жаңалықтар