Мысырдың сайлау комиссиясы президенттікке үміткерлердің түпкілікті тізімін жариялады
АСТАНА. 29 сәуір. ҚазАқпарат - Мысырдың президент сайлауы жөніндегі жоғарғы комиссиясы президенттік сайлауға қатысатын үміткерлердің түпкілікті тізімін жариялады, деп хабарлады Каирде өткен баспасөз мәслихатында комиссия басшысы Фарук Сұлтан.
ИТАР-ТАСС агенттігінің атап өтуінше, президенттік сайлаудың алғашқы кезеңі 23 және 24 мамыр күндері өтеді.
Тізімге 13 үміткердің аты-жөні енгізілген, олардың қатарында жақында үміткер құқығын қалпына келтірген экс-премьер Ахмед Шафик, «Мұсылман бауырлар» қозғалысынан үміткер Мұхаммед Мурси және Араб мемлекеттері лигасының бұрынғы бас хатшысы Амра Мусу бар.
Мысырдың конституциялық декларациясына сәйкес сайлау комиссиясы жариялаған тізім түпкілікті және сотта шағымдануға жатпайды.
Үміткерлер сайлауға қатысудан 8 мамырға дейін бас тартуға құқылы. Одан кейін олар дауыс беруге қатысуға міндетті.