Мысырдың солтүстігіндегі жиһаз фабрикасынан өрт шығып, 12 адам ажал құшты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мысырдың солтүстігіндегі жиһаз фабрикасы өртеніп, 12 адам қаза тапты. Алдын ала бағалау бойынша жалын тұрмыстық газдың жарылуы салдарынан тұтанған.
None
None

Мысырдың Кальюбия провинциясында орын алған өрт кезінде 12 адам ажал құшты, деп мәлім етті провинция қауіпсіздік қызметінің өкілі. «Кәсіпорынның 12 жұмыскері қаза тауып, 9-ы жарақаттанды», деп нақтылады ол.

Полиция деректеріне сүйенсек, өрт сөндірушілер келгенге дейін тілсіз жау 1,4 мың шаршы метрді шарпып үлгерген. Алдын ала бағалау бойынша өрт тұрмыстық газдың жарылуынан шыққан.

Соңғы жаңалықтар