Мысырдың солтүстік-шығысында қар жауды
КАИР. ТАСС-ҚазАқпарат – Мысырдың солтүстік-шығысындағы Шаркия провинциясының бірнеше ауданында қар жауды. Бұл жайында Ad Dustour жергілікті газетіне сілтеме жасап ТАСС хабарлады.
Оның мәліметінше, бірнеше уақыт бұрын Шаркиядағы елді мекендердегі жолдар мен шатырларға жұқа қар түскен.
Газет тұрғындардың суреттерін жариялады. Онда бүкіл көшелер мен алаңдарда қар жатыр, ал тасжолдарға мұз қатқан.
Каир билігі толассыз жауған жаңбырдан кейін жол және коммуналдық қызметтерде төтенше жағдай режимін енгізді.
Губернатор Халед Абдель Аляның бұйрығымен ТЖК жүйесінің барлық қызметкерлері тәулік бойы жұмыс істеп жатыр, апаттық бригада кезекшілікке шықты.
Каирдың көптеген көшесінде судың жиналуынан тоннельдер уақытша жабылды, Ніл өзеніндегі көпірде қозғалыс шектелді.
Бұл шара Египеттің орталық және солтүстік бөлігінде ауа температурасының бірден төмендеуінен қабылданды. Температура түнгі уақытта 10 градусқа төмендеп жатыр.
Каирдегі және провинциялардағы көптеген тұрғын үйде орталық жылу жүйесі болмағандықтан жағдай қиындап отыр.
Синоптиктердің болжауынша, елде тағы бірнеше күн ауа райы суық болады және жаңбыр жауады.
Фото: azertag.az