Мысырдың уақытша үкіметі «Мұсылман бауырлар» қызметіне салынған тыйымды кейінге қалдырды
ӘБУ-ДАБИ. 25 қыркүйек. ҚазАқпарат - Мысырдың уақытша үкіметі аталған топ мүшелеріне қарсы барлық сот үрдістері аяқталғанша «Мұсылман бауырлар» діни-саяси қауымдастығына салынған тыйымды кейінге қалдырады. Бұл туралы Мысыр әлеуметтік ынтымақтастық министрі Ахмед Эль-Бораи хабарлайды.
Мысыр БАҚ-тары «Мұсылман бауырлар» өз кезегінде ұйымның қызмет етуіне тыйым салуға, сондай ақ, оның барлық қаржы активтерін тәркілеуге қатысты Мысыр соты шығарған қаулыға қарсы шағым беруді жопарлап отырғанын атап айтты.
«Мұсылман бауырлар» 2011 жылы Президент Хосни Мүбәракты құлатып, билікке қол жеткізгенше сексен жыл бойы заңсыз, жасырын қызмет етіп келген.