Мысырға бару визасы 2,5 есеге қымбаттайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 1 наурыздан бастап, Мысырға бару визаларының құны шамамен 2,5 есеге көтеріледі. Бұл туралы Мысыр СІМ хабарлады. Енді оның құны 60 доллар. Бұған дейін 25 доллар болған еді, деп жазды aif.ru .
None
None

Визалар құнының қымбаттау жөнінде әуежайлар, теңіз порттары және жерүсті шекаралық асулар секілді Мысырдың барлық шекаралық бекеттеріне хабарланды.

Соңғы рет Мысыр визаларының құны 2014 жылы өзгертілді. Онда 15 доллардан 25 долларға қымбаттаған еді. 

Соңғы жаңалықтар