09:27, 05 Тамыз 2015 | GMT +5
Мысырлық 17 сағатта Суэц каналында 125 шақырым жерді аквалангпен жүзіп өтуге бел буды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мысырлық Валаа Хафез 17 сағаттың ішінде Суэц каналында 125 шақырымдық қашықтықты аквалангпен жүзіп өтуге ниеттеніп отыр.

36 жастағы спортшы жаңа әлемдік рекорд орнату ұмтылысын 6 тамызда жаңа Суэц каналының ашылу салтанатына арнамақ, деп жазды "Аль-Ахрам" газетінің электрондық нұсқасы.
Мысырлық 6-дан 24 метрге дейінгі тереңдікте жүзуді жоспарлап отыр. Хафезді оттегі толтырылған баллондармен 12 аквалангист қамтамасыз етеді. Олар бір топ дәрігерлермен қазірдің өзінде "Нувейба" яхтасымен шара басталатын "Ас- Салям" көпіріне аттанып та кетті.
Хафез 1978 жылы АҚШ спортшысы Нил Уотсон орнатқан әлемдік рекордты жаңартуға бел буып отыр. Ол 19 сағат 30 минуттың ішінде Багам аралдарынан Флорида штатына дейін су астымен 106 шақырым қашықтықты жүзіп өткен еді.