Мысырлық аналардың өзге елдерге қарағанда баланы көбірек емізетіні анықталды
АЛМАТЫ. 17 сәуір. ҚазАқпарат - Philips компаниясы әлемнің 7 елінде жүргізген «Ана мен бала денсаулығының индексі» деп аталатын зерттеудің қорытындысын жариялады.
Ол АҚШ, Оңтүстік Америка, Бразилия, Ұлыбритания, Египет, Қытай және Үндістанда жүргізілген көрінеді. 3944 ана қатысқан бұл зерттеуде әйелдердің нәрестелерін емшекпен емізу мәселесіне айрықша мән берілген. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы нәрестені туылған сәтінен бастап кем дегенде жарты жыл бойы емшекпен емізуді ұсынуда. Сондықтан сауалнама кезінде түрлі елдердегі аналардың өз балаларын емшекпен емізу уақыты және ана мен бала көңіл-күйіне әсер ететін өзге де жәйттарды анықтап, бұл мәселелерді шешудің ұтымды жолдарын іздеу мақсатында өткізілген.
Компанияның баспасөз қызметі таратқан хабарламаға қарағанда, зерттеу барысында 10 әйелдің ішінде 9-ы өз баласын емшекпен емізуді қалайтыны анықталды. Алайда түрлі себептерге байланысты олардың үштен бірі жарты жыл аралығында балаларын емшекпен емізуді тоқтататын көрінеді. 61 пайызы шамамен бір жыл бойы баланы емізетін болса, 19 пайызы ұсынылған мерзімнен өте аз, ал 12 пайызы емшекпен мүлдем емізбейді екен. Сауалнама жүргізілген елдер арасында баласын емшекпен ең ұзақ уақыт емізетін ел мысырлық әйелдер болып шықты. Олардың 42 пайызы балаларын бір жарым жылдан астам уақыт емізеді екен. Ұлыбританияда, керісінше әйелдердің үштен бірі (34%) мүлдем емізбейтін болса, төрттен бірі ғана 3 айға жетер-жетпес уақыт емізетіні белгілі болды.
Әйелдердің 40 пайызы емшекпен емізуді тоқтатудың негізгі себебі ретінде сүттің болмауы деп көрсеткен. Осы жайт тек үш ай ғана емізген және бір жыл толғаннан кейін емізуден бас тартуға мәжбүр болған аналар үшін елеулі себеп болып табылған.
ТМД елдерінде мұндай зерттеу жүргізілмегенімен, мамандардың айтуынша бұл мәселе Қазақстанда да көкейкесті болып табылады. ҚР Педиатрия және балалар хирургиясы Ғылыми орталығының Ақаумен туылған нәрестелер бөлімінің меңгерушісі Диляра Качуринаның сөзіне қарағанда, «Қазақстанда емшекпен емізудің негізгі қиындығы бала көтеруге қабілетті әйелдердің денсаулық индексінің төмен деңгейімен байланысты.