Мысырлық полиция қызметкерлеріне сақал жіберуге рұқсат берілді

«World Bulletin-нің» мәлімдеуінше, ақпан айында ондаған полиция шенділері Хосни Мүбәрак тұсында қабылданған осы тыйымға құлақ аспағаны үшін қызметтерінен шеттетілген болатын.
Жұмыстан қуылғанына наразы бұрынғы полиция шенділері ішкі істер министрлігінің ғимараты алдында қарсылық шарасын өткізіп, өзі де сақал жіберіп, мұрт қойған ел президенті Мұхаммед Мурсиден өздерін қызметке алуды талап етті.
Каирдің әкімшілік соты ІІМ-нің жазылмаған ережені бұзған полиция қызметкерлерін шеттету туралы өтінішін қанағаттандырмай тастады. Сот полиция шенділерінің сақал жіберуге құқығы барын айтып, қаулы шығарды.
Хосни Мүбәрак билік басында болғанда сақалды алып тастау ислам күштерімен күрестің бір шарасы ретінде қарастырған болатын. Оның тұсында сақал жібергендер мемлекеттік қызметте жоғары лауазымға үміттене алмайтын.